«14 жастағы тағы бір балаға қойылған ВИЧ деген диагноз түпкілікті расталды. Ол бұрын індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған балаларға тексеру жүргізу барысында бір ауданда анықталды»,- деп Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Наталья Бабина ВИЧ індетімен күрес жөніндегі облыстық штабтың жиынында хабарлады.
Сөйтіп СПИД орталығының мәліметіне сәйкес, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 81 -ге жетті, сегізі қайтыс болды, біреуі АҚШ-та болып шықты.
Н.Бабинаның баяндамасында айтылғандай, 2006-жылдың 3-шілдесінен бері 62 276 адам, соның ішінде 32 006 екіқабат әйел ВИЧ-ке тексеруден өтті. 238 донордың 231-і тексеруден өтті, қалған жеті адам облыс аумағынан тысқары жерлерде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті