Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы үш бала анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы үш бала анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы үш бала анықталды

ШЫМКЕНТ. 7 - маусым. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы үш бала анықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық СПИД орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Маусым 2007
  • 394
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, індет табылған балалар облыс аудандарында да, Шымкентте де тұрады. Үлкені тоғыз жасар, кішісі төрт жаста. Балалардың ата-аналары қазіргі уақытта тексеруден өтіп жатыр.

Сөйтіп, бүгінгі күнде облыста ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 114, және 14 ананың ВИЧ індетін жұқтырғандығы анықталған. Тоғыз бала қайтыс болып, біреуін шетелге асырап алып кеткен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті