«Біз тексеруді тоқтатқан жоқпыз. Қазір біз облыстан кетіп қалғандарды іздеп жатырмыз. Қазір еліміздегі барлық облыстық денсаулық сақтау департаменттеріне осы жерден кетіп қалған балаларға қатысты мәліметтер таратылды»,- деді бұқарамен байланыс бөлімінің жетекшісі Нағима Жолдасова.
Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметіне сәйкес, қазіргі жағдаймен облыста тұратын 9035 бала тексерілді. ВИЧ індетін жұқтырғандармен байланыста болғандардың тізімінде 1143-і қалды. Олардың 255-і ата-аналарымен бірге облыс аумағынан шығып кетсе, 173 бала ВИЧ індетімен байланысы жоқ дерттен қайтыс болған, 65 ата-ана балаларын тексеруге әкелуден бас тартса, 659 баланың мекен-тұрағына іздеу жарияланды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, облыста 72 балада ВИЧ індеті анықталып, 6 бала қайтыс болып, біреуін АҚШ азаматтары асырап алған. 8 әйелден ВИЧ індеті анықталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті