Оңтүстік Қазақстан облысында зейнетақы төлеуге арналған 17 млн. теңге қолды болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында зейнетақы төлеуге арналған 17 млн. теңге қолды болды

Оңтүстік Қазақстан облысында зейнетақы төлеуге арналған 17 млн. теңге қолды болды

Оңтүстік Қазақстан облысында зейнетақы төлеуге арналған 17 млн. теңге қолды болды ,- деп хабарлайды облыстық Ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметі.

  • 25 Маусым 2003
  • 431
Фото - Caravan.kz

24-маусымда облыстың Ордабасы ауданындағы Шубаровка ауылына таяу жерде «Қазпочта» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалына қарасты автокөлігіне шабуыл жасалды. Бетперде киген үш қылмыскер зейнетақы төлеуге арналған 17 млн. теңге тиелген «Жигули 2104» автокөлігіне басып кіріп, жеті қап ақшаны тонап, шетелдік машинаға мінген күйде іздерін суытып үлгерген. Шабуыл салдарынан көлік жүргізушісі мен кассир зардап шеккен жоқ. Облыс бойынша шұғыл іздеу жарияланды.

Бұл — облыста орын алған осындай екінші тонаушылық оқиға. Осыдан алты жылдай бұрын «Каспийский» банкінің инкассаторлық машинасына шабуыл жасалып, қылмыскерлер 600 мың долларды тонап кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар