Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай тапшылығы байқалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай тапшылығы байқалуда

ШЫМКЕНТ. 18-тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарында жанар-жағармай тапшылығы байқалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 18 Тамыз 2006
  • 541
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Мақтаарал және Шардара аудандық мақташылар жанар-жағармай тапшылығын алға тартуда. Олардың айтуынша, жанармай мен дизельдік отынды тек аудан орталықтарындағы жанармай құю бекеттерінен ғана табуға болады.

Облыстық жанармай тарату бекеттері қауымдастығының директоры Қайыпбек Қамбаровтың мәлімдеуінше, қазір облыстағы көптеген жанармай тарату бекеттері жанармай тапшылығын сезінуде. «Үкімет бұл іске тағы да араласуға тиіс деп санаймын»,- деді ол. «Бірнеше айдан бері көптеген жанармай құю бекеттерінде жанармай жоқ. Оны талонмен босатуда. Мұнай айдау зауытынан жанар-жағармай бір сатып алушыға күніне 2-3 тоннадан лимит жүйесімен сатуда. Жүйе мүлдем түсініксіз. Бірақ мұнай өнімдерін жеткізу мөлшерінің төмендеп кеткені шындық»,- деді ол.

Өз кезегінде «PetroKazakhstan» компаниясының басшылығы кейінгі айларда зауыт қуатын рекордтық көлемде жұмсап жұмыс істеуде, тәулігіне 14 мың тонна өнім өңделуде деп сендіреді.

Алайда, жанар-жағармай тарату бекеттері қауымдастығының мүшелерінің пайымдауынша, жанармайдың басым бөлігі облыстан тысқары жерлерге кетуде, бағаның қымбаттауы тапшылыққа байланысты.

Перейти к новостям спорта