Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай жеткізуге қатысты дағдарыс одан әрі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай жеткізуге қатысты  дағдарыс одан әрі жалғасуда

Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармай жеткізуге қатысты дағдарыс одан әрі жалғасуда

Оңтүстік Қазақстан облысында жанар-жағармайға қатысты күрделі ахуал қалыптасып отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысындағы жанармай таратушылар қауымдастығының төрағасы Қайытбек Қамбаров хабарлады.

  • 10 Қазан 2005
  • 412
Фото - Caravan.kz



Қ.Қамбаровтың айтуынша, жанармай тарату бекеттерінің 90 проценті қазір жұмыссыз тұр. Қазір мұнда жанармайды басқа облыстардан жеткізіле бастады. «Жанар-жағармай бекеттерінің қожайындары орталарынан ақша шығарып, тасушы көлікті жалдап, Алматыда 65-70 теңгеге алған жанармайды осында үстеме бағаға сатып жатыр. Соның арқасында шамалы қор ұстауға мүмкіндік жасалуда»,- деді Қ.Қамбаров.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы нарықта жұмыс істейтін бір ғана ірі компания Павлодар мұнай өңдеу зауытынан ұзақ мерзімді өнім алу туралы келісім-шартына қол қойған. Ал басқалары негізінен жанармайды Шымкент мұнай өңдеу зауытынан сатып алады. Алайда «PetroKazakhstan Oil Products» АҚ-ның трейдері «Мұнай өнімдері» ЖШС себептерін айтпастан, тіпті қыркүйек айында өнім жіберуді азайта түскен. Қ.Қамбаровтың айтуынша, зауыттан кейінгі күндері жанар-жағармай мүлдем дерлік жіберілген жоқ.
Қазір облыстық жанармай таратушылар қауымдастығы жанар-жағармай жеткізуге қатысты дағдарысты еңсеруге шұғыл шара қолдануды сұрап облыс әкіміне хат дайындап жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта