Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа кеден бекеті ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа кеден бекеті ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа кеден бекеті ашылды

Бүгін, 28-қарашада Оңтүстік Қазақстан облысында "Қазығұрт" деп аталатын жаңа кеден бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Қараша 2005
  • 735
Фото - Caravan.kz

Жаңа бекет Сарыағаш ауданындағы Бағыс ауылының жанында орналасқан. Мамандардың пайымдауынша, бұл бекеттің іс-қызметі тек Қазақ-Өзбек сауда-саттығына қызмет көрсетуге ғана емес, сонымен бірге, алыс және жақын шетелдердің транзиттік тауарларын кедендік бақылау және рәсімдеуге бағытталмақшы.

«Қазығұрт» кедендік бекеті жетілдірілген қазіргі заманғы кедендік кешен болып табылады. Онда бақылаушы барлық 6 құрылым «бір аялдама» принципі бойынша жұмыс істейді. Бекеттің ғимараты заманауи техникалық және электрондық жабдықтармен жарақталған. Бұл — Оңтүстік Қазақстан облысында «бір аялдама» принципі бойынша қызмет көрсететін үшінші кеден бекеті.
Бекеттің ашылу рәсіміне вице-министр, ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің төрағасы Бердібек Сапарбаев, Өзбекстан Республикасы мемлекеттік кеден комитеті төрағасының орынбасары Садырхан Насыров пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев қатысты.
Рәсімде сөз сөйлеген Б.Сапарбаев кедендік бекеттер — мемлекетіміздің қақпасы іспетті екенін , осындай қазіргізаманғы кедендік кешендерді салу жұмысы жалғаса беретінін атап өтті.
Оңтүстік Қазақстан облысында қазір барлығы 16 кеден бекеті бар, олардың 7-сі шекаралық, 12-сі кедендік тексеру-өткізу бекеті болып табылады.

Перейти к новостям спорта