Оңтүстік Қазақстан облысында жел генераторларын монтаждаудың бірінші кезеңі аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жел генераторларын монтаждаудың бірінші кезеңі аяқталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жел генераторларын монтаждаудың бірінші кезеңі аяқталды

Оңтүстік Қазақстан облысында желмен жұмыс істейтін электр станцияларын салу жөніндегі жоба бойынша жер астында фундамент қалау жұмысы аяқталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Түркістанэнерго" ААҚ-ын сауықтыру жөніндегі басқарушы Жақып Бөкенбаев хабарлады.

  • 27 Желтоқсан 2003
  • 474
Фото - Caravan.kz

Құрылыс іргетасын қалауда бетонды үздіксіз құю әдісі қолданылды. Жел күшімен жұмыс істейтін генераторлардың негіздемесіне 100 текше метр бетон жұмсалды. «Барит ойл Кентау» ЖШС-нің мамандары құрылыс іргетасын қалауда бетонды үздіксіз құю тәсілін алғаш рет пайдаланғандықтан біраз қиындық туындады. Қазаншұңқырларды қазу да оңайға түскен жоқ. Жер қыртысының астынан жартас шыққандықтан жарылғыш заттарды пайдалануға тура келді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Түркістанэнерго» ААҚ мен Үндістанның «NEPC India Limited» компаниясы арасында биылғы жыл басында әрқайсысының қуаты 250 киловатты құрайтын екі жел генераторын салу туралы келісімге қол қойылған. Ұдайы жел соғып тұратын Кентау маңындағы қыраттар құрылыс салынатын алаң ретінде таңдалды. Жоба 2004-жылы толыққанды жүзеге асырылады. Экономистердің есебіне сәйкес, жобның өзіндік құны 5 жылда өтеледі.

Соңғы жаңалықтар