Зауыт жылына 500 мың банка өнім өндірмекші. Қазір тұздалған қияр өнімдері даярланып жатса, болашақта әртүрлі балқайнатпа, қызанақ және түрлі көкөніс қоспаларының қайнатпасын өндіру көзделіп отыр. Қыста жергілікті азық-түлік дүкендерінің сөрелері 0,8 , 1 және 2-литрлік ыдыстардағы табиғи жеміс шырындарымен толығатын болады.
Қазір зауытта 30 адам жұмыс істейтін өндірістік бір желі іске қосылды. Келешекте жұмысшылар санын 100 адамға жеткізіп, тағы да екі желіні іске қосу межеленген.