Оңтүстік Қазақстан облысында Жеңіс тойын тойлауға келе жатқан ардагерлер жол апатына ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Жеңіс тойын тойлауға келе жатқан ардагерлер жол апатына ұшырады

Оңтүстік Қазақстан облысында Жеңіс тойын тойлауға келе жатқан ардагерлер жол апатына ұшырады

Оңтүстік Қазақстан облысында Жеңістің 60 жылдық мерейтойын тойлауға Шымкентке келе жатқан ардагерлер жол апатына ұшырады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Мамыр 2005
  • 315
Фото - Caravan.kz

8-мамыр күні 19 сағатта Шымкент-Самара тас жолының бойында «Kassbohrer» автобусының жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Mersedes-0303» маркалы автобуспен соқтығысты. ОндаТүркістаннан Шымкенте келе жатқан Ұлы Отан соғысының жеті ардагері отырған.

Апат салдарынан ардагерлер мен «Kassbohrer» автобусында отырған 29 жастағы жолаушы әйел бас жарақатымен жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. «Mersedes»-тің жүргізушісін көліктен гидравликалық жабдықтың көмегімен әрең шығарып алған. Соңынан зардап шегуші Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Перейти к новостям спорта