Оңтүстік Қазақстан облысында жеті килограмм героин әкеле жатқан үш есірткі тасушы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жеті килограмм героин әкеле жатқан үш есірткі тасушы ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жеті килограмм героин әкеле жатқан үш есірткі тасушы ұсталды

ШЫМКЕНТ. 3-қараша. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында жеті килограмм героин әкеле жатқан үш есірткі тасушы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қараша 2006
  • 349
Фото - Caravan.kz

Тәжікстанның екі, Өзбекстанның бір азаматы Мақтаарал ауданының Атакент ауылында ұсталды. Есірткі «КамАЗ» автокөлігінің кабинасына жасырылған.

«Тәжікстанның екі азаматы героинді Тәжікстанда сатып алғандарын, оны Ташкентте танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына сатпақ болғанын жеткізді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ал Өзбекстан азаматының айтуынша, оны 500 доллар ақыға есірткі тасыту үшін жалдап алған.

Ұсталғандардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта