Оңтүстік Қазақстан облысында Жетісайдың бұрынғы әкімі алты жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Жетісайдың бұрынғы әкімі алты жылға бас бостандығынан айырылды

Оңтүстік Қазақстан облысында Жетісайдың бұрынғы әкімі алты жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкент. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында Мақтаарал ауданының орталығы болып табылатын Жетісай қаласының бұрынғы әкімі Қорғанбек Бердәлиев алты жылға бас бостандығынан айырылды. Жақында үкім заңдық күшіне енді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 7 Тамыз 2008
  • 651
Фото - Caravan.kz

«Қ. Бердәлиевке қатысты қылмыстық іс аяқталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 311 бабы, 4 тармағы, «в» тармақшасы бойынша (Аса ірі көлемдегі пара алу) айыпталып, ісі сотқа берілген болатын. Оған 16 мың АҚШ доллары мен 80 мың теңге көлеміндегі пара алды деп айып тағылған болатын. Бұл бап бойынша жаза барлық мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мен 15 жыл аралығында бас бостандығынан айыруды көздейтін. Алайда, аудандық сот істі «жеңіл» жазаға — «Алаяқтыққа қол сұқты» деген бапқа алмастырып жіберді», — деп хабарлады департаменттің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова.

Баспасөз хатшысының айтуынша, соттарда сыбайлас жемқорлыққа байланысты «ауыр» қылмыстарды одан жеңілдеріне өзгертіп жіберу жиі қайталанады. «Осыған байланысты басшылық сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша істер соттарға қандай баптармен жіберілетіні жайында жұртшылықты хабардар етіп отыру жөнінде шешім қабылдады», — деді Ж. Мамытова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар