Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, жол апаты 8-қазанда Шымкент-Алматы айналмалы автотрассасында болған. «Жуалы мұнайбазасы» ЖШС -іне қарасты «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Көлікке әрбіреуінің сыйымдылығы 8,33 тоннаны құрайтын жанармайы бар үш цистерна тиелген болатын.
Жол апаты салдарынан 25 тонна мұнай өнімі 200 шаршы метр аумаққа төгіліп, жана бастады.
Өртті сөндірген кезде жүргізушінің өртеніп кеткен мәйіті табылды. Ал оның серіктесі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті