Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан 3 адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан 3 адам мерт болды

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан 3 адам мерт болды

"Газель" шағын автобусы мен "ВАЗ-2106" автокөлігінің соқтығысуы салдарынан Оңтүстік Қазақстан облысында 3 адам мерт болды,- деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен.

  • 21 Шiлде 2003
  • 554
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына жүгінсек, жол апаты 20-шілде күні таңертеңгісін Жібек Жолы-Жетібай автожолының 39-шақырымында Абай ауылының маңында болған. Оқыс оқиға салдарынан шағын автобустың жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты. «Жигули» автокөлігінің жүргізушісі мен екі машинаның 6 жолаушысы әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен Жедел жәрдем ауруханасына түсті.

Сондай-ақ, 20-шілдеде Алматы облысында Алматы-Өскемен тас жолының 59-шақырымында «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Соның салдарынан көлікте отырған бір жолаушы мерт болып, тағы біреуі Жедел Жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Ал Алматы-Чапаев тас жолының 15-шақырымында «Опель-Вектра» автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соқтығысып қалды. Соның салдарынан жүргізуші оқиға болған жерде тіл тартпай кетіп, жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
20-шілде күні кешкісін «Зил-130» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кету салдарынан әлгі адам сол жерде қаза тапты.
Шығыс Қазақстан облысында «ДТ-75» тракторының жүргізушісі көлігін аударып алу салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы сол жерде қаза тауып, тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.