Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан алты адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

Шымкент. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласының маңында, 10 мамыр күні таңертеңгі сағат 4-те "КВЗ" автобусы "КамАЗ" тіркемелі автокөлігімен соқтығысты. Апат салдарынан алты адам опат болды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

  • 13 Мамыр 2008
  • 458
Фото - Caravan.kz

«Автобуста Кентау, Түркістан, Шымкент және Қызылорда облыстарында тұратын он адам болған. Олардың алтауы оқиға орнында жан тапсырып, төртеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Автобус жүргізушісі қаза тапты», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаза тапқандардың арасында 22 мен 46 жас аралығындағы үш ер адам мен үш әйел бар.

Апаттың себептері анықталу үстінде, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті