Жол апаты Алматы-Термез автожолының 764-шақырымында болып, «ДЭУ»жеңіл автокөлігі мен «Газель» жүк көлігі соғысты. Апат салдарынан «ДЭУ» жүргізушісі мен оның үш жолаушысы, соның ішінде екі Өзбекстан азаматы қаза тапты. Тағы бір жолаушы- Өзбекстан азаматы ауруханада көз жұмды. «Газель» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.