Апат Шымкент-Самара бағытындағы тас жолдың 57-шақырымында болған. «ВАЗ-2108» автокөлігінің жүргізушісі «Ауди-100» автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан «Жигули» жүргізушісі мен оның әйел жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Сондай-ақ, шетелдік көлікте отырған алты жолаушы, соның ішінде 9 жастағы бала мен көлік жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.