Жарияланды: 340

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қайтыс болып, жеті адам жараланды

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан екі адам қайтыс болып, жеті адам жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Апат Шымкент-Самара бағытындағы тас жолдың 57-шақырымында болған. "ВАЗ-2108" автокөлігінің жүргізушісі "Ауди-100" автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан "Жигули" жүргізушісі мен оның әйел жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Сондай-ақ, шетелдік көлікте отырған алты жолаушы, соның ішінде 9 жастағы бала мен көлік жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін