Қазығұрт ауданында Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 761-шақырымында «ГАЗ-2705», «ВАЗ-21011» және «ВАЗ-2106» автокөліктері соғысты. Апат салдарынан он бірінші үлгілі Жигулидің жүргізушісі мен «ГАЗда» отырған екі жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. «ГАЗ» жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға түсті.