Министрліктің хабарлауынша, апат Сайрам ауданында Алматы-Шымкент автожолының бойында болған. «КамАЗ» Бішкек-Қызылорда бағытында келе жатқан «Сетра» автобусымен соқтығысып қалған. Автобус салонында 37 адам болыпты.
Жол апатының зардаптарын жоюға 10 адам мен өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы жұмылдырылды.