Тырысқақ вибрионы үш ересек, үш баладан табылды. Облыстық мемлекеттік
санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаментінің ақпаратына сәйкес, науқастардың жағдайы орташа деп бағалануда. Бұлармен қарым-қатынаста болған 17 адам анықталып, дәрігерлік бақылауға алынды. Дерт ошағында оның таралып кетпеуіне шаралар қолданылуда.