Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізушілерге шабуыл жасады деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізушілерге шабуыл жасады деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізушілерге шабуыл жасады деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында қазақстандық жүргізушілерді өлтіріп, көліктерін айдап кету қылмыстарына қатысты деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның қылмыстық полициясының бастығы Дәрібай Шалаев хабарлады.

  • 12 Мамыр 2004
  • 417
Фото - Caravan.kz

Осыдан үш күн бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Жібек жолы ауылында тәртіп сақшылары жүргізушілердің көмегімен ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісін буындырып өлтіріп, көлігін иемденіп алуға әрекет жасаған еркекті қолға түсірді. Жүргізуші шабуылшыға күшті қарсылық көрсетті. Тәртіп сақшылары мен басқа да жүргізушілер күш біріктіру нәтижесінде қылмыскерді қолға түсірді. Бұған дейін де бірнеше мәрте сотталған Өзбекстан азаматы Талғат Зұлпыхаровтың қолындағы дорбадан автокөліктерге арналған Өзбек номерлер мен адамдарды буындыруға арналған жіптер шықты.

Тергеу барысында белгілі болғанындай, Т.Зұлпыхаров қылмыстарды тапсырыспен жасаған. Белгілі бір маркалы автокөлікті айдап әкелуге тапсырма алған ол Қазақстанда сондай көлікті иемденіп алып, номерін өзгертіп, Өзбекстанға айдап әкетіп отырған.
Қазір тергеушілер нақты қылмысты оқиғаларды әшкерелеумен айналысуда.
Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері жүргізушілерге 14 мәрте қарақшылық шабуыл жасалып, 6 жүргізуші кісі қолынан мерт болды. Шабуыл оқиғаларының 11-і әшкереленсе, алты бірдей кісі өлімінің төртеуінің беті ашылды.

Соңғы жаңалықтар