Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнаулы питомникте өсірілетін Бұхара бұғыларының біразы төлдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнаулы питомникте өсірілетін Бұхара бұғыларының біразы төлдеді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнаулы питомникте өсірілетін Бұхара бұғыларының біразы төлдеді

Түркістан қаласының іргесіндегі арнаулы питомникте өсірілетін Қызыл кітаптағы бұхара бұғыларына бірнеше тұяқ қосылды. Таяуда екі бұғы төлдесе, кешікпей тағы төртеуі төлдейді деп күтілуде. Сөйтіп қазір питомниктегі бұғылардың жалпы саны 14-ке жетті,- деп хабарлайды облыстағы орман, аң және балық шаруашылығы жөніндегі аумақтық басқармасынан KZ-today тілшісіне.

  • 13 Маусым 2003
  • 680
Фото - Caravan.kz

Питомникті құрудағы басты мақсат- бұхара бұғыларының табиғи ортадағы өсімін қамтамсыз ету болғандықтан оларды қолға үйретуден қазір әдейі бас тартылуда. Сырдария өңірінде Ұлттық табиғи саябағы құрылғаннан кейін бұғылар бостандыққа жіберіледі .

Оңтүстік Қазақстан облысында бұхара бұғыларын өсіру жөніндегі питомник «Тағы табиғатты қорғау жөніндегі Дүниежүзілік қордың» басқаруымен құрылып, қазір сол қордан қаржыландырылып отыр. Бұғылар мұнда Қарашеңгелді аң шаруашылығынан әкелінген.
Табиғи ортадағы бұхара бұғылары сонау 50-жылдарда құртып жіберілген болатын. Бүгінде дүниежүзінде бұхара бұғысының 500-ге жетер-жетпес тұяғы қалып отыр.