Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл мұғалімдері сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін жалақыны "Қазпошта"АҚ-ның филиалдары арқылы алатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл мұғалімдері сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін жалақыны "Қазпошта"АҚ-ның филиалдары арқылы алатын болады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл мұғалімдері сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін жалақыны "Қазпошта"АҚ-ның филиалдары арқылы алатын болады

ШЫМКЕНТ. 10-тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл мұғалімдері сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін жалақыны "Қазпошта"АҚ-ның филиалдары арқылы алатын болады. Бұл туралы кеше облыстық әкімшілікте сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған кеңесте айтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 10 Тамыз 2006
  • 542
Фото - Caravan.kz



«Жалақы алған кезде ауыл мұғалімдерінен көлік, коммуналдық қызмет, жөндеу жұмыстарына қажет-міс деген көптеген сылтаулармен 500-1000 теңге ұстап қалады деген арыз-шағымдар бізге көп түседі»,- деді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары И.Әбішев.

И.Әбішевтің пікірінше, аталмыш дағдыға тосқауыл қою үшін жалақыны кассирлер арқылы емес, «Қазпошта»АҚ-ның филиалдары арқылы тарату керек. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Оңтүстік Қазақстан облыстық білім беру департаментінің басшылығына «Қазпошта»АҚ-ның жетекшілерімен жалақыны аударып төлеу туралы келісім -шартына бір айда қол қоюға тапсырма берді.

Ал Оңтүстік Қазақстан облыстық білім беру департаменті директорының орынбасары Владимир Доронин өз сөзінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша білім беру саласы алда келе жатқаны туралы жиілеп кеткен мәлімдемелерді орынсыз деп атады. «Бұлай деп санау мүлдем қисынсыз,- деді ол. — Біздің салада 52 мың адам істейді, 1238 мекеме бар. Проценттік қатынас тұрғысынан алғанда білім беру саласын сыбайлас жемқорлық жайлап алған сала деп мәлімдеу орынсыз».

Биыл департамент басшылығы заң бұзушылыққа қатысты 22 дерек бойынша материалдарды өз бетімен әшкерелеп, қаржы полициясына табыстады, деді В.Доронин.

Перейти к новостям спорта