«Ата-аналар, әсіресе аудандарда тұратындары жүріп тұру мен баланың бағым-күтіміне көп шығындануда. Сол себепті балаларға мүгедектікке байланысты жәрдемақымен бірге ай сайын материалдық көмек бөлу жөнінде шешім қабылданды»,- деді әкім.
Ө.Шүкеевтің айтуынша, басқа қалаларда тұратындар үшін ай сайынғы көмек мөлшері 22,2 мың теңгені құрамақ: 2 мың теңге — жолақысы, 8 мың теңге — тұру құны, 3 мың теңге — ішіп-жем құны, 9,2 мың теңге — жұмыстан қол үзіп қалған күндеріне өтемақы. Облыс орталығының тұрғындары 14,2 мың теңге алатын болады.
«Балаларды емдеу барысында біз көмектесестін боламыз,- деді әкім. — Қаржы облыстық бюджеттен бөлінеді».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 76 бала мен 8 әйел анықталды. Жеті бала қаза тауып, біреуін АҚШ отбасы асырап алған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті