Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір мектеп Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының грантына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір мектеп Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының грантына ие болды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір мектеп Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының грантына ие болды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Сайрам ауылындағы өзбек тілінде білім беретін Хусанов атындағы мектеп "Диалог" атты үкіметтік емес ұйымының қолдауымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 1 млн. 600 мың теңге көлеміндегі грантына ие болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық білім беру департаментінен хабарлады.

  • 25 Тамыз 2003
  • 468
Фото - Caravan.kz

Грантты жеңіп алған жобаның басты мақсаты- өзбек мектебін бітірген түлектерге орыс және қазақ тілінде білім беретін жоғары оқу орындарына оқуға түсуге жәрдемдесу болып табылады. Былтыр Хусанов атындағы мектепті бітірген жалғыз бала грантқа ие болса, биыл бұл санатқа ешкім де ілікпей қалды. Ал осы мектептің жалғыз түлегі несиеге ие болды.

Грант қаржысына мектептегілер компьютер, оқулықтар, телевизор және жиҺаз сатып алды. Қаржының қалған бөлігі мұғалімдер жалақысына жұмсалмақшы.
Егер мектеп түлектері арасында жоғары оқу орындарына оқуға түсу мүмкіндігіне қол жеткізгендер қатары ұлғайған жағдайда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының көмек-жәрдемі одан әрі жалғасады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар