Оңтүстік Қазақстан облысындағы екі ауылдық амбулаторияға санитарлық машиналар берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысындағы екі ауылдық амбулаторияға санитарлық машиналар берілді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы екі ауылдық амбулаторияға санитарлық машиналар берілді

13-тамыз, сәрсенбіде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев Түлкібас ауданындағы Түлкібас және Азаттық ауылдарындағы амбулаторияларға санитарлық машиналардың кілтін табыс етті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Тамыз 2003
  • 457
Фото - Caravan.kz

Әкімнің сапары барысында жергілікті билік өкілдері Састөбе ауылындағы мектеп-интернаттың құрылысын қаржыландыруға қолұшын беруді өтінді. 100 балаға есептелген мектеп-интернат құрылысын салып бітіру үшін 18 млн. теңге қажет. Осындай қаржы бөлінсе, біз жергілікті монша, клуб, мейманхана мен спорт залын да жөндеп береміз деп уәде берді жергілікті әкімдер. Облыс әкімі қажетті қаржыны 2003-жылғы бюджет нақтыланғаннан кейін бөліп беруге уәде етті.

Сондай-ақ, Б.Жылқышиев облыстық сүйек және құрт аурулары ауруханасының жұмысымен танысып, ат спорты мектебінің ашылу салтанатына қатысты. Бұдан соң облыс басшысы Арыс өзенінің арнасын нығайту және тері аурулары диспансерінің құрылыс жұмыстарымен танысып, Сеславино ауылында орта мектеп ғимаратының ашылуына қатысты.