Оңтүстік Қазақстан облысындағы Келес өзенінде тоған салына бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Келес өзенінде тоған салына бастады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Келес өзенінде тоған салына бастады

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы Келес өзенінде тоған салу және егін суаруға арналған каналдарды жаңалау жұмыстары басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Мамыр 2004
  • 697
Фото - Caravan.kz

Қазығұрт ауданындағы Келес өзенінің арнасы Қызығұрт ауданы орталығынан бір жарым шақырымда жер астына сіңіп, жиырма шақырымнан кейін ғана қайтадан жер бетіне шығады. Осынау тосын құбылыс таяу өңірді суармалы сумен қамтамасыз етуде қиындықтар тудырып келді.

Алқаптарды сумен қамтамасыз ету үшін Келестің жер асты ағысын ирригациялық желіге көтеру мақсатымен су жинағыш салына бастады. Судың мөлшерден тыс шығынына жол бермеу үшін темірбетонмен қапталған 14 шақырымдық ирригациялық канал салынады. Құрылғының өткізгіштік қабілеті секундына 63 текше метрді құрауы тиіс. Бұл 2 мың гектар жерді суаруға мүмкіндік береді.
Келестің жайылма бөлігінде де биіктігі 5, ұзындығы 24 шақырымды құрайтын тоған салынбақшы. Осынау шағын су қоймасы Үлкен Кескен каналына су жібеуге арналған резервуар ролін атқарады. Сондай-ақ, бұл жерде демалыс аймағы салынады , деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.