Оңтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы жанданды
![]() |
Оңтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы жанданды. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлайды. |
Атап айтқанда, бүгін сағат 09:00-дeн бастап ауа райының қолайсыздығына (қатты жел, жол көрінісінің шектелуі) байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 632-658 шақырымындағы «Жаскешу-Машат» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынған болатын. Сағат 15:45 -тен бері аталған жол көлік қозғалысы үшін ашылды. Қазіргі уақытта еліміздің барлық республикалық жолдары ашық, яғни көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін