Сырдариядан елді мекендер аумағына су келмейтін болды. Отырар ауданындағы Үштам, Маяқұм, Шеңгелді, Көлқұдық және Балтакөл ауылдарының маңындағы бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің күштері Түркістан ауданындағы Қызылшаруа, Қожанов және Үсенов ауылдарындағы бөгеттерді нығайтуда. Су көлемін арттыру үшін Шардара ауданындағы алты арнаны тазарту және оның аясын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Шәуілдір-Балтакөл автожолының 500 метрлік учаскесі әлі де су астында жатыр.
Құтқарушылар су астында қалған елді мекендер аумағын тікұшақпен аралап, 94 отбасына азық-түлік өнімдерін жеткізіп берді.
ҚР қорғаныс министрлігі бөлімшелерінің күш-құралдары тұрақты мекен-жайына қайтарылды.