Жарияланды: 440

Оңтүстік Қазақстан облысындағы су қоймаларына 250 мың шабақ жіберілді

Шымкент. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысындағы су қоймаларына "Көмешбалық" шаруашылығының өсіру тоғандарынан дөңмаңдай, тұқы және ақшыл амур балықтарының 250 мың шабағы жіберілді. Бұл туралы "Көмешбалық" ЖШС директоры Жанатбек Ыбыраев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мамандардың хабарлауынша, биыл ОҚО табиғи ресурстар басқармасының желісі бойынша облыстағы балық қорын қалпына келтіруге 8 млн теңге бөлінген. Осы жолғы шабақ жіберу шарасы аталған субсидияға жүзеге асырылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін