Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасқын салдарынан шеккен шығын көлемі 500 млн. теңгеге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасқын салдарынан шеккен шығын көлемі 500 млн. теңгеге жетті

Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасқын салдарынан шеккен шығын көлемі 500 млн. теңгеге жетті

3-наурыз күнгі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысындағы тасқын салдарынан шеккен шығын көлемі 500 млн. теңгеге жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар және мобилизациялы әзірлік жөніндегі департамент директоры Шаймерден Сәтімбетов хабарлады.

  • 3 Наурыз 2005
  • 363
Фото - Caravan.kz

Ш.Сәтімбетовтың хабарлауынша, бұл — тек алдын-ала мәліметтер ғана. Қазір су басқан аумақтардағы ахуал тұрақтана бастады. Судың арыны қайтты. Аумақтар судан толық арылғаннан кейін арнаулы комиссия құрылып, нақты шығын көлемін анықтайтын болады, деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ұзындығы 20 шақырымға созылған мұз сеңдердің түзілуі салдарынан Сырдың суы ернеуінен асып, ауылдарға қауіп төндіре бастаған. Отырар ауданында Ешкіқора және Аққұм ауылдары су астында қалды. Су басқан аумақ 550 шаршы шақырымды құрады.

Перейти к новостям спорта