Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 35 жастағы Өзбекстан азаматы Талғат Зұлпыхаровқа қазақстандық такси жүргізушілерін өлтіргені үшін ғұмыр бойы қамауда ұстау туралы үкім шығарылған болатын. 13-желтоқсанда ол түрме камерасында көрпеге асулы тұрған жерінен табылды.
Т.Зұлпыхаров 2004-жылғы жазда жеке меншік такси жүргізушісін өлтіруге әрекет жасап жатқан жерінен ұсталған. Соңынан ол жеке жолаушы тасымалымен айналысатын такси жүргізушілерін өлтіріп, көліктерді Өзбекстанға асырумен ұзақ уақыт бойы шұғылданғаны белгілі болды. Оған төрт бірдей такси жүргізушісін өлтіріп, тағы біреуін өлтіруге әрекет жасағаны туралы айып жүктелді. 7-қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облыстық соты Т.Зұлпыхартовқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын жүктеді.