Жергілікті бір басылымның бастамасы бойынша жүзеге асырылған осынау қайырымдылық шарасының барысында төрт түзету мекемесінің әрбіреуіне «Абай» энциклопедиясының 10 томынан табыс етілді.
С.Сүгіровтың айтуынша, әрбір түзету мекемесіндегі кітапхананың кітап қорында шамамен екі мыңдай кітаптан бар. Олардың басым бөлігі Кеңестік кезеңде шыққан. С.Сүгіровтың айтуынша, кейінгі кездері әрбір мекемеге ай сайын 10-15 мың теңге бөлудің арқасында кітапханалардың кітап қоры жаңалана бастады.