«Бұл Бірлескен кәсіпорынның ресейлік құрылтайшыларының кепілдік беруі негізінде алынатын несиелік қаржы болмақ»,- деді ол. Ю.Демеховтың айтуынша, несиелік желі мерзімі 7,5 жылға созылып, бірлескен кәсіпорын 4,5 жылда жобалық қуатын толық игергеннен кейін ғана қаржы қайтарыла бастайды. «Бұл несиені біз 2011-жылы толық қайтаруды көздеп отырмыз»,- деді ол.
Жалпы «Заречное» бірлескен кәсіпорны құрылғаннан бері 1,5 млн. доллар игерілді.
Ю.Демеховтың айтуынша, қазір кеніште ұзындығы 60 шақырымдық электр жалғастыру желісі мен автожолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «қазір кенішті жобалау жұмыстары аяқталып келеді, 2004-жылғы шілде айының аяғы мен тамыз айының басында кенішті салу жұмыстарына кіріспекшіміз»,- деді Ю.Демехов.
Оның айтуынша, кеніштен алғашқы уран өнімі 2005-жылдың шілде айында алынады. «2005-жылы 80 тонна, 2006-жылы 250-380 тонна уран өндіруді, ал 2007-жылы жобалық қуат — 500 тоннаға қол жеткізуді көздеп отырмыз»,- деді Ю.Демехов. Заречное кенішіндегі жалпы уран қоры 19 мың тоннаға бағаланады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бірлескен кәсіпорын құрылтайшыларының қатарында «Қазақатомөнеркәсібі» ҰАК — 45%, «ТВЭЛ» ААҚ (Ресей) — 20%, «Техснабэкспорт» ААҚ (Ресей) — 15%, «Атомредметзолото» ААҚ (Ресей) — 10%, «КГРК» АҚ (Қырғызстан) — 10% бар.