Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Жібек жолы " бекетінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара сызығын ресми демаркациялау шараларының басталуына арналған салтанатты рәсім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Жібек жолы " бекетінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара сызығын ресми демаркациялау шараларының басталуына арналған салтанатты рәсім болды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Жібек жолы " бекетінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара сызығын ресми демаркациялау шараларының басталуына арналған салтанатты рәсім болды

Бүгін, 19-мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы "Жібек жолы " шекаралық бекетінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара сызығын ресми демаркациялау шараларының басталуына арналған салтанатты рәсім болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Мамыр 2004
  • 1080
Фото - Caravan.kz

Рәсімге Қазақстандық демаркациялық топтың жетекшісі Мұрат Атанов, Өзбекстан демаркациялық тобының жетекшісі Александр Стразе, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев, Ташкент облысының хокимі Қозым Тюлагановтар қатысты.

Шара барысында «Жібек жолы» шекаралық бекетінде Қазақстан мен Өзбекстан жақта бірдей орнатылған екі шекаралық бағананың тұсаукесері өткізілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан жағы шекара сызығына бағаналар орнату жұмысын осыдан екі ай бұрын қолға алып, қазіргі жағдаймен барлығы 80-нен астам, соның ішінде 54 негізгі және 30 аралық шекара белгілері орнатылды. Ал Өзбекстан жағы бағана тапшылығына байланысты бірде-бір шекаралық белгі орнатпаған.
Еліміздің негізгі шекаралық белгілері көк және сары түстерге боялып, жоғарғы жағына Қазақстанның Елтаңбасы орнатылған. Ал аралық шекаралық белгілер ақ түске боялған, оларда Елтаңбаның орнына номерлері көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар