«Менің пікірімше, Денсаулық сақтау министрлігі №575 бұйрығын қайта қарауы керек, оның негізіне Ресей тәжірибесін алуы тиіс, онда ВИЧ індеті анықталғандарға толық емдеу профилактиқалық шаралары жүргізіледі, ал құпиялылық емдеу кезінде сақталады»,-деді Б.Жылқышиве.
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Kazakhstan Today агенттігіне ұсынған 2002 жылдың 11 мауысымындағы бұйрығына сәйкес, ВИЧ індетіне тексерілу ерікті, құпия түрде, (ешбір құжатсыз) немесе жеке (бұл ретте анализ қортындысы туралы тек медицина қызметкерлері мен тексерілуші ғана біледі, оған қоса нәтижесі жария етілмейді) өткізіледі. Қатерлі дертке тексеруден міндетті түрде қан тапсырушы және басқа да биологиялық сұйықтық , органдар тапсыратын донорлар өтеді.
Облыс әкімінің пікірінше, министрліктің бұл бұйрығы ВИЧ індетінің алдын алуда қиындықтар туғызады.
Әкімнің сөзіне қарағанда, соңғы бес жылда облыстық СПИД орталығында 11 140 адам тексерілген. Олардың арасында 38 адамның анализі оң болып шықты, 14 әйел және 24 ер азамат. Биылғы жылы құпия түрде 761 адам тексерілсе, бес адамнан вирус қоздырғышы табылған, оладың екеуі әйел, үшеуі ер азамат. «Назар аударатын жағдай бұл адамдар туралы ешқандай мәліметтің жоқтығы, яғни індетке қарсы ешқандай шара қолдана алмай отырмыз»,- деді Б.Жылқышиев.
Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы иммунитет тапшылығына тексерілу процедурасына түзетулер енгізу туралы мәселе қоюға мәжбүр болып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті