Жарияланды: 460

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі өрт сөндірушілерге жаңа 9 автокөлік сыйлады

Бүгін, 30-желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев облыстық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің басшылығына жаңа 9 автокөліктің кілтін сыйлады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне облыстық өртке қарсы күрес қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әбдірахим Сапарбаев.

Өрт сөндірушілерге алты бірдей үлкен арнаулы көлік, екі Газель мен бір шұғыл әрекетке арналған арнаулы көлік берілді. Бүгіннен бастап облыстық өртке қарсы күрес қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Бұған дейін жұрт қыдыратын жерлердегі өртке қарсы күрес құралдары тексеріліп, өртке қарсы стационарлық гидранттарға су толтырылу жағдайы қадағаланды. Мереке болатын жерлерде өрт сөндіруші инспекторлар кезекшілік жасайтын болады. Жаңа жыл түні орталық шыршаның жанында өрт сөндіруші үш расчет, басқаша айтқанда 18 өрт сөндіргіш кезекшілік жасайды. Облыстық өртке қарсы күрес қызметінің бастығы Асылбек Бекжігітовтың айтуынша, соңғы үш жылда облыста жаңа жыл мерекесі кезінде ірі өрт оқиғасы тіркелген жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін