Оңтүстік Қазақстан облысының арнаулы қызметтері 50 килограммнан астам героин партиясын айналымнан шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының арнаулы қызметтері 50 килограммнан астам героин партиясын айналымнан шығарды

Оңтүстік Қазақстан облысының арнаулы қызметтері 50 килограммнан астам героин партиясын айналымнан шығарды

ШЫМКЕНТ. 23-ақпан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД қызметкерлері 50 килограммнан астам героин партиясын айналымнан шығарды. Бұл туралы бүгін Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД төрағасының орынбасары Нұрлан Досыбаев хабарлады.

  • 23 Ақпан 2007
  • 407
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 22-ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданы Шақпақ ауылында бір жолаушысы мен жүргізушісі бар «Опель» автокөлігі ұсталды. Арнаулы қызмет қызметкерлері көліктің артқы орындығының үстінен ішіне 50 килограмм героин салынған 51 дорбаны тапты.

Шымкентте тұратын 40 жастағы жүргізуші мен 24 жастағы жолаушы ұсталды.

Департамент қызметкерлерінің алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, героин Тәжікстаннан әкелінген, оны бұдан әрі Алматыға жеткізу көзделіпті.

Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті