Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданына қар тазарту жұмыстарына әскерлер жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданына қар тазарту жұмыстарына әскерлер жіберілді

Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданына қар тазарту жұмыстарына әскерлер жіберілді

Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданындағы қар құрсауда байланыссыз қалған ауыл тұрғындарына қар тазарту жұмыстарына қолғабыс көрсету үшін әскерлер жіберілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне 6506 әскери бөлімшенің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Ақпан 2005
  • 398
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20-ақпанда облыс әкімі Болат Жылқышиев қардан зардап шеккен елді мекендерді аралай бастады.

Әкім алдымен Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданы Шақпақ ауылына барды. Қардың қалыңдығы 1,5 метрге жеткен ауылға жету үшін әкімге джип, ауыр жүк көлігі мен қарда жүретін машинаны қатар пайдалануға тура келді. Сапар барысында әкім қардың астында қалған бірнеше үйге бас сұқты.
Ал бүгін таңертең әкімнің өтінішімен Бәйдібек ауданына 6506 әскери бөлімшенің жауынгерлері жіберілді. Олар жолдарды қардан тазарту, үйлерді қар құрсаудан босатуға жәрдемдеседі.

Перейти к новостям спорта