Оңтүстік Қазақстан облысының бір тұрғынынан бір миллион жасанды теңге тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының бір тұрғынынан бір миллион жасанды теңге тәркіленді

Оңтүстік Қазақстан облысының бір тұрғынынан бір миллион жасанды теңге тәркіленді

Шымкент қалалық полициясы бір жергілікті тұрғыннан жалпы мөлшері 1 миллион теңгеге тең жасанды бес мың теңгелік қағаз ақшаларды тәркіледі. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 6 Шiлде 2004
  • 347
Фото - Caravan.kz

5-шілде, дүйсенбіде Шымкенттегі «Мир Фантазий» техносаябағында 33 жастағы бір жігіт 300 мың теңгеге телефонның актив-карточкаларын сатып алуға әрекет жасаған. Дүкен қожайыны ақшаның жасанды екенін байқап қалады. Осы кезде қашып құтылуға әрекет жасаған сатып алушы пневматикалық тапаншадан оқ ата бастаған. Бір қуанарлығы, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Дабыл ізімен асығыс жеткен саябақ күзетшілері мен тәртіп сақшылары әлгі еркекті қолға түсірді. Оның сөмкесінен тағы да жасанды ақшалар табылып, олардың жалпы мөлшері 1 миллион теңгені құрады.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер қазір ақшаның қайдан шыққанын анықтап жатыр.

Перейти к новостям спорта