«Ол өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр», — деді адвокат, бүгін таңертеңгі сот отырысында процесстің ашық түрде өтуін талқылаумен қатар, сот айыпталушы Р. Қуандықованы тыңдағанын айта келе.
А. Синицкий, Р. Қуандықова өзіне тағылған айыптың балалыр ауруханасындағы инелердің кайталанып қолданылғандығы туралы айтылған бөліміне қарсы болып отырғандығын мәлімдеді. «Ол қолданылған инелердің көп реттік пайдалануға негізделген медицина құралы екендігін, оларды өңдеуден кейін қайта қолдануға тыйым салынбайтындығын түсіндірді»,- деді А. Синицкий. «Негізгі айып осы бөлім бойынша тағылып отыр», — деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысындағы балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты қылмыстық іс Шымкенттің Әл-Фараби аудандық сотында қаралуда. Сотқа 21 адам, соның ішінде 18 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған.
Кеше сот Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Нұрсұлу Тасмағамбетованы тыңдаған болатын. Ол да өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті