Оңтүстік Қазақстан облысының имамдары Өзбекстанда болған лаңкестік әрекеттерді айыптады - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының имамдары Өзбекстанда болған лаңкестік әрекеттерді айыптады

Оңтүстік Қазақстан облысының имамдары Өзбекстанда болған лаңкестік әрекеттерді айыптады

Бүгін, 2-сәуірде Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының имамдары Өзбекстанда болған лаңкестік әрекеттерді айыптады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Сәуiр 2004
  • 394
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының исламдық қауымдарының жетекшілері Ташкент пен Бұхарада болған лаңкестік шараларды дүниежүзінде зорлық-зомбылық жайлау дерегімен ғана емес, сонымен бірге, өзбек халқының тұрмыс деңгейінің төмендігімен және Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов жүргізіп отырған қатқыл саясатпен тікелей байланыстырады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 28-наурыз бен 1-сәуір аралығында бір-біріне жалғаса бірнеше лаңкестік әрекет шығып, құқық қорғау мекемелері қызметкерлеріне бірнеше шабуыл жасалған. Соңғы лаңкестік әрекет кеше кешкісін Бұхарада болып, 23-жастағы әйел өз үйінде өзін-өзі жарып жіберген. Соның салдарынан үйдегі бір сәби мерт болды.
Жалпы алғанда, лаңкестік әрекеттерден 24 адам қаза тауып, 35 адам жараланды. Арнаулы қызметтер мен милиция 20 лаңкестің көзін құртып, тағы 30 адамды қамауға алды.

Соңғы жаңалықтар