Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында жаңа мектеп ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында жаңа мектеп ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында жаңа мектеп ашылды

Кеше, 31-тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабастау ауылында жаңа мектеп ашылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2004
  • 565
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін №54 мектептің 853 оқушысы 1969-жылы асар тәсілімен 400 балаға есептеліп салынған ғимаратта оқыған. Онда асхана да, спорт залы да болған емес. Сайрам ауданының әкімі Өмірзақ Әметұлының хабалауынша, жаңа ғимарат 719 орынға есептелген. 15 айда салынған мектеп ғимаратының жобалық құны 117 млн. теңгені құрайды. Қазіргі жағдаймен 102 млн. теңге игерілді.

Осыдан бір күн бұрын Шұбарсу ауылдық округінде де 360 орынға есептелген жаңа мектеп ашылды. Онда 720 ауыл баласы оқитын болады. Соның ішінде 500 отбасы -Қазақстанға квотадан тысқары көшіп келген оралмандар отбасы. Құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 76 млн. теңге бөлінді.
Жалпы алғанда Оңтүстік Қазақстан облысында биыл жаңа типтік 11 мектеп ашылады. Тағы да төрт мектеп ғимараты қазан айында аяқталады.

Перейти к новостям спорта