Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында 70 жылда алғаш рет аурухана салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында 70 жылда алғаш рет аурухана салынды

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында 70 жылда алғаш рет аурухана салынды

ШЫМКЕНТ. 29-тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында аурухана пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Тамыз 2006
  • 439
Фото - Caravan.kz

«Бұл — біздің ауданда соңғы 70 жылда алғаш рет салынып отырған денсаулық сақтау нысаны,- деді аурухананың бас дәрігері Аманкүл Қанатова. — Бұрынғы аурухана 1932-жылы салынған».

А.Қанатованың айтуынша, аурухана бес жыл бойы салынды, кейінгі екі жылда құрылыс жұмыстарына студенттік отряд мүшелері жүмылдырылды. Нысан құрылысын салу облыстық бюджеттен қаржыландырылды. Аурухана қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жабдықталған. Оның перзентхана бөлімін жабдықтауға арналған 6,5 млн. теңге көлеміндегі қаржыны «Қазақатомөнеркәсібі» ұлттық компаниясы бөлді. Жаңа аурухана Созақ ауданының тұрғындарын қазіргі заманғы медициналық көмекпен толық қамтамасыз ете алады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында 51 мың адам тұрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта