Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы биыл аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы биыл аяқталады

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы биыл аяқталады

Аудан орталығы Шолақ -Қорғандағы жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын салып бітіруге Оңтүстік Қазақстан облыстық бюджетінен 5 млн. теңге бөлінеді ,- деп мәлімдеді облыс әкімі Болат Жылқышиев Созақ ауданын аралау барысында.

  • 25 Маусым 2003
  • 883
Фото - Caravan.kz

Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы биыл аяқталады деп межеленді.

Аудан орталығында жұқпалы аурулар ауруханасын салу жұмысы осыдан 10 жыл бұрын қолға алынған болатын. Алайда қаржы тапшылығынан ауруханы құрылысы сақалды құрылыстардың кебін киіп, шала салынған ғимарат қайтадан бүліне бастаған болатын. Аудан орталығының тұрғындары аудан әкімшілігіне аурухана құрылысын салып аяқтау жөнінде өтініш жолдаған. Алайда аудандық бюджетте оған бөлетін артық қаржы табылмады. Ал мамандардың айтуынша, Созақ ауданы — геморрагиялық қанды безгек пен күйдіргі індеттерінің таралуына түрткі болып отырған осы өңірдегі негізгі ошақ болып табылады.
Сол себепті жергілікті ақсақалдар Созақ ауданын аралауға келген Болат Жылқышиевтен аурухана құрылысын салып бітіруге қолұшын беруді сұрады. Әкім облыстық бюджеттен құрылысқа қаржы бөлуге келісімін берді.

Соңғы жаңалықтар