Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуратурасы PetroKazakhstan компаниясының үстінен шағым берді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуратурасы PetroKazakhstan компаниясының үстінен шағым берді

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуратурасы PetroKazakhstan компаниясының үстінен шағым берді

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуратурасы ауданаралық арнаулы экономикалық сотына PetroKazakhstan Oil Products компаниясының үстінен шағым берді. Бұл туралы бүгін, 4-наурызда Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуроры Әбутәліп Мұстафаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Наурыз 2005
  • 588
Фото - Caravan.kz

Ә.Мұстафаевтың айтуынша, мұнай өңдеу зауытының аумағында 4 мың тоннадан астам сұйық өндіріс қалдықтары жинақталып қалған. Соған қарамастан, компания басшылығы оны пайдалы жарату бағытында еш қадам жасамай отыр. Былтыр табиғат қорғау прокуратурасы PetroKazakhstan Oil Products компаниясынан 23 млн. теңгенің шығынын өтеп беруді талап еткен. Бұл талап толық орындалғанымен, зауыт аумағындағы қалдықтар сол қалпында қала берді. 2005-жылдың ақпан айында табиғат қорғау прокуратурасы 19 млн. теңгенің қосымша талап шағымын түсірді. Бұл шағым бойынша сот отырысы 10-наурызда өтуге тиіс.

Перейти к новостям спорта