Әкімнің бірінші орынбасары жергілікті бір кәсіпкерден жер телімін бөліп бергені үшін 130 мың теңге пара алып жатқан сәтте, осыдан үш ай бұрын ұсталған болатын.
Тұтқынға ҚР Қылмыстық кодексінің «Пара алу жөніндегі» 311-бабы, 2-тармағы бойынша айып тағылған. Қылмыстық іс материалдары сотқа тапсырылды. Соттың алғашқы мәжілісі өткен жұмада өтуге тиіс болатын. Айыпкер дәл сол күні абақтыда асылып өлді, дейді Т.Шынтаев.
Қазір әділет департаментінің қызметкерлері оқиғаның себептерін тексеріп жатыр.