Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өзімді-өзім өлтіремін деп қоқан-лоққы жасап, үш сағат бойы жоғары кернеулі бағананың басында отырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өзімді-өзім өлтіремін деп қоқан-лоққы жасап, үш сағат бойы жоғары кернеулі бағананың басында отырды

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өзімді-өзім өлтіремін деп қоқан-лоққы жасап, үш сағат бойы жоғары кернеулі бағананың басында отырды

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өзімді-өзім өлтіремін деп қоқан-лоққы жасап, үш сағат бойы жоғары кернеулі бағананың басында отырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Қазан 2005
  • 484
Фото - Caravan.kz

4-қазанда 17 сағатта шұғыл құтқарушы топқа Сайрам ауданы Манкент ауылында жоғары кернеулі бағанға шығып алған бір еркек өзімді-өзім өлтіремін деп қоқан-лоққы жасауда деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген құтқарушылар 44 жастағы ер адам бағананың темір құрылғысының үстінде отырғанын көреді. Бағананың маңайына ауыл тұрғындары мен әлгі еркектің отбасының мүшелері үркердей болып жиналған.

Құтқарушыларды байқап қалған әлгі жақындап келсеңдер секіремін деп айқайлай бастайды. Оның келіссөздерге бейім екенін аңдаған құтқарушылар шұғыл әрекетке кіріскен жоқ. Туыстарының ақылымен оқиға орнына әлгі еркектің немересі шақырылады. Ақырында немересінің ақылына көнген адам бағана басынан өз бетімен түсіп келді.

Перейти к новостям спорта