Оңтүстік Қазақстан облысының Ұғам-Сайрам ұлттық саябағында бір гектардай жердегі шыршалар өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының Ұғам-Сайрам ұлттық саябағында бір гектардай жердегі шыршалар өртеніп кетті

Оңтүстік Қазақстан облысының Ұғам-Сайрам ұлттық саябағында бір гектардай жердегі шыршалар өртеніп кетті

ШЫМКЕНТ. 9-тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының Ұғам-Сайрам ұлттық саябағында бір гектардай жерде ерекше қорғаудағы шыршалар өртеніп кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Тамыз 2006
  • 585
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінң мәліметіне сәйкес, Ұғам-Сайрам ұлттық саябағының Қасқасу бөлігінде өрт шыққан. Оның шығуына сол маңда демалып жүрген бір адамның петарда атуы себеп болған. Әлгілер өртті сөндіруге талпынғанымен, толық өшіре алмапты. Біраз уақыттан кейін өрт қайта өршіп, өрт сөндірушілер мен қорықшылар келіп жеткенше 1 гектар жерде 70-80-жылдық шыршалар жалынға оранған.

Соның алдында ғана Арыс әкімшілік аймағының Баярқұм ауылдық округінде 12 шақырым жердегі тоғай өртеніп кетті. Өртті сөндіруге тоғайдағы ағаштар мен бұталардың тығыздығы кедергі келтіріп, оқиға орнына техника жете алмай қалған.

Орман шаруашылығы қызметкерлері мен өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан 20 шақты демалып жүрген балаларды шығарып алды.

Алдын-ала тергеу қорытындысы бойынша өрттің шығуына демалушылардың бейқамдығы себеп болған.

Перейти к новостям спорта